АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 06 Сәуір 2021 09:49

«WorldSkillsKazakhstan - 2021» аймақтық чемпионаты

5 сәуір мен 7 сәуір аралығында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі базасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Төменгі сыныптарда оқыту» құзыреттіліктері бойынша «WorldSkillsKazakhstan – 2021» аймақтық чемпионаты өтті.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 4 курс студенті Осина Виолетта, жетекшісі Герасимова Анна Федоровна, «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 4 курс студенті Хавдалгалам Батиза қатысады, жетекшісі Амиртай Сунхар.

Чемпионат бағдарламасына келесі құзыреттер бойынша модульдер кіреді:

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

5 сәуір

«WorldSkills Kazakhstan–2021» Аймақтық чемпионаттың салтанатты ашылуы

6 сәуір

1-тур. Модуль А. «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу», «Таным», «Әлеуметтік» білім беру. (Біріктірілген модуль)

2-тур. Модуль В. Көркем және эстетикалық даму. Білім беру саласында әрекет ететін «Коммуникация», «Көркем әдебиет» бөлімі.

7 сәуір

3-тур. Модуль C. Сәндік-қолданбалы өнер модулі. Мұғалім балалармен орындайтын сәндік үлгі моделін жасау.

4-тур. Модуль D. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған робототехника бойынша оқу іс-шараларын әзірлеу және іске асыру.

5-тур. «Денсаулық» білім беру ортасы. Ересек топтың балаларымен таңертеңгілік жаттығуларды әзірлеу және өткізу.

Чемпионатты қорытындылау. Чемпионаттың жабылуы

«Төменгі сыныптарда оқыту»

5 сәуір

«WorldSkills Kazakhstan–2021» Аймақтық чемпионаттың салтанатты ашылуы

6 сәуір

1-кезең. Электрондық портфолио құру

«Мен - жаңа формация мұғалімімін» тақырыбы

2-кезең. Жаратылыстану пәні бойынша бастауыш 2-сыныптарда сабақ фрагментін дайындау және өткізу (жаңа білімді ашу кезеңі)

4-кезең. Жағдаяттық педагогикалық міндеттерді шешу

7 сәуір

3-кезең.  Патриоттық, экологиялық, адамгершілік бағыттағы сыныптан тыс іс-шараның тұсаукесерін әзірлеу

5-кезең. «5 минутта үйретемін»

Чемпионатты қорытындылау. Чемпионаттың жабылуы

Педагогикалық пәндер кафедрасы