АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 28 Қаңтар 2021 11:27

"АИТВ туралы қарапайым сөздермен"

2021 жылдың 27 қаңтарында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенттері үшін "АИТВ инфекциясының алдын алу" тақырыбында дәріс өтті.

Ақмола облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының әлеуметтанушысы Нұрлыбек Қоныспаев болашақ құтқарушыларға АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары және емдеу мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Бұл күні студенттермен әңгімелесу ақпараттық сипатта ғана емес, пікірталас түрінде де өтті. Осының арқасында "АИТВ" және "ЖИТС", қауіпсіз жыныстық мінез-құлық мәселелері, қажетсіз жүктіліктен және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан тиімді қорғау шаралары сияқты ұғымдар бекітілді.

Жастармен қарым-қатынастың ең басты нәтижесі АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстанның барлық азаматтары сияқты білім алуға, медициналық қызмет алуға, жұмысқа орналасуға бірдей құқықтары бар деген пікір болды. Сондай-ақ әрине, олардың бақытты өмір сүруге мүмкіндігі бар.

Наенко А.Б.