АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жексенбі, 20 Желтоксан 2020 08:32

Ата-аналар жиналысы

«2020-2021 оқу жылының 1 семестр қорытындысы» тақырыбына, өзін-өзі шектеу кезеңінде қашықтықтан оқытуда ата-аналардың қөмегін ұйымдастыру, ата-аналармен бірігіп тәрбие жұмысын жүргізу мақсатымен, ФК-12С тобында ата-аналар жиналысы 18 желтоқсан 2020 жылы өткізілді. Міндеттері: интернет-платформаларды қолдану және білім алушылардың сабаққа қатысуын бақылаудың формалары мен әдістері, олармен кері байланыс орнату; Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды: ағымдағы бақылау; аралық және қорытынды аттестация; білім алушылардың сабаққа қатысуы; қашықтықтан оқыту кезіндегі психологиялық ахуал; бірінші семестр қорытындылары. Ата-аналар білім ордасына, адаптация кезінде білім алушыларға түсіністікпен, қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.

Нугманова А.Б.