АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігі

Көкшетау қаласының «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» мекемесінің базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №171 бұйрығымен ТжКОБ республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің құрылымына кіретін «Өрт қауіпсіздігі» және «Төтенше жағдайларда қорғау (салалар бойынша)» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің (ТжКОБ) оқу-әдістемелік бірлестігі (ОӘБ) құрылды.Көкшетау қаласының «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» мекемесінің базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №171 бұйрығымен ТжКОБ республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің құрылымына кіретін «Өрт қауіпсіздігі» және «Төтенше жағдайларда қорғау (салалар бойынша)» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің (ТжКОБ) оқу-әдістемелік бірлестігі (ОӘБ) құрылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы №62 бұйрығымен ОӘБ құрамына «Еңбекті қорғау және технологиялық процестердің қауіпсіздігі» мамандығы қосылды.

Оқу-әдістемелік бірлестіктің төрағасы - АҚЖКК директоры Түлебаев Әскербек Жамантайұлы.

ОӘБ қызметін әдістемелік қамтамасыз ету тобына Қазақстан Республикасы ТЖМ органдары мен бөлімшелерінде жұмыс тәжірибесі, педагогикалық қызметте көп жылдық өтілі бар, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) құрамына кіретін елдердің жетекші бейінді жоғары оқу орындарында біліктілігін арттырудан және Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) желісі бойынша арнайы даярлықтан өткен оқытушылар кіреді.

ОӘБ әдістемелік қамтамасыз ету тобы

Rumyantsev 

Румянцев 

Юрий Васильевич 

ОӘБ төрағасының орынбасары,

азаматтық қорғау полковнигі

 Timeev

Тимеев 

Евгений Александрович   

әдіскер, азаматтық қорғау полковнигі

 

Vyhovski

Выховский 

Евгений Геннадьевич       

әдіскер, азаматтық қорғау полковнигі

   Perevodchik

Мырзахметова 

Райхан Молдахметовна,

аудармашы

ОӘБ қызметінің негізгі мақсаты ТжКОБ ұйымдарында білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты дамыту және үйлестіру, оқу процесінің мазмұнын жаңарту, оқу әдебиеттері мен оқу құралдарын, ОӘК әзірлеу және рецензиялау болып табылады.

ОӘБ келесі негізгі функцияларды жүзеге асырады:

  • ТжКОБ жүйесінің нормативтік құқықтық құжаттарын өзгерту және толықтыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының, ТжКОБ білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • ТжКОБ жүйесіндегі білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • ТжКОБ ОӘБ әзірлеген оқу-әдістемелік құжаттаманы, сондай-ақ оқу әдебиетін және оқу-әдістемелік құралдарды шығарады және таратады;
  • оқу процесін ұйымдастыру бойынша ТжКОБ ұйымдарына консультациялық көмек көрсетеді;
  • озат тәжірибені зерттеу, тарату, ТжКОБ ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
  • оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер мен оқу аудиовизуалды құралдарын жасау үшін авторлық ұжымдарды құрады. 
  • ОӘБ туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды және оларды РОӘК жұмыс органына жібереді; 
  • жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылдайды; 
  • оқу әдебиеттеріне, аударылған шетелдік оқу әдебиеттеріне және оқу құралдарына, ТжКБ және орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларына рецензиялауды жүзеге асырады;

ОӘБ өз жұмысын «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау (салалар бойынша)», «Еңбекті қорғау және технологиялық процестердің қауіпсіздігі» мамандықтары бойынша даярлаумен айналысатын бейіндік колледждердің жиырма алты өкілінің тең құқылығы, басшылықтың алқалылығы, оған кіретін барлық шешімдердің дауыс беруі қағидаттарында құрады.

karta kolledge GZ

 

«Оқу-әдістемелік және нормативті-құқықтық құжаттар»

https://cloud.mail.ru/public/UCMF/ZEP5BfkbJ