АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 07 Маусым 2021 03:00

«Информатика» пәні бойынша білім алушылардың жетістіктері

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушылары kko.kz веб-сайты ұйымдастырған «Информатика» пәні бойынша Республикалық олимпиадаға белсенді қатысты және жоғары көрсеткіштері үшін ІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды: Павленко Вероника, Романченко Анна, Бекжанов Даниял,  Порубай Кирилл, ІІІ дәрежелі Дипломмен Афанасьева Галина, ІІ дәрежелі дипломдармен Бүкілресейлік «Информатика олимпиадасына» қатысқаны үшін Саутбекова Дилара, Амандых Арайлым марапатталды.

Нуркина Дилара, Сатыбаева Алтын, Редькин Кирилл «Информатика» пәні бойынша студенттер арасындағы блиц-турнирдің жеңімпаздары, І дәрежелі диплом иегерлері, ІІІ дәрежелі диплом иегері Тлеуқабыл Әділ, «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарының қатысушылары арасында «Информатика» пәні бойынша республикалық олимпиадада жеңімпаздарды дайындаған жетекшісі алғыс хаттармен марапатталды.

Нугманова А.Б.