АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 04 Мамыр 2021 11:41

«WORLDSKILLS Aqmola»

30 сәуірде Көкшетау қаласындағы "Bolashaq saraiy" сарайында "WORLDSKILLS Aqmola" өңірлік чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Облыс әкімі Е.Б.Маржикпаев чемпиондарды лайықты жеңістерімен құттықтап, әрқайсысына  дипломдар, медальдар, кубоктар, сондай-ақ 50 000 теңге сертификаттар тапсырды.

Ермек Боранбайұлының қолынан біздің колледждің студенттері: Бобылев Николай, Штепа Владислав, Блинова Наталья, Бадельханов Дархан, Уалиев Абзал және Бокк Валерия "Құтқару жұмыстары" құзыреттілігі бойынша лайықты марапаттарға ие болды.

Балаларды лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Үлкен жетістіктер тілейміз!

Наенко А.Б.