АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 27 Сәуір 2021 09:46

«BilimFoundation» ҚҚ тәжірибесін зерделеу бойынша педагог-психологтарға арналған онлайн-семинар

2021 жылдың 27 сәуірінде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің педагог-психологтары Куриленко Е.Е. және Бекбаева Ж.К. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің онлайн-семинарлары бойынша оқуды бастады. 27 сәуірде еліміздің 5 өңірінде өз жобасын іске асырып жатқан «BilimFoundation» ҚҚ тәжірибесін зерделеу бойынша онлайн-кеңес өткізілді.

Семинарларда өмірлік қиын жағдайда жүрген балалармен және олардың ата-аналарымен жұмысты жоспарлауда педагог-психологтарға практикалық және әдістемелік ұсынымдар, тәжірибе алмасу, ведомствоаралық өзара әрекеттестік мәселелері, халықаралық тәжірибені зерделеу және т.б. ұсынылды.

Онлайн-жиналыста сөз сөйлеу тақырыптары:

1.         Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу бағдарламасы

2.         Суицидтің алдын алу практикасындағы кейс-әдіс

3.         Психологиялық қолдау тобындағы жасөспірімдерді қалай қолдау керек

4.         Бала үшін оңтайлы фактор ретінде жетілген қарым-қатынасқа ұмтылу