АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 21 Қазан 2021 04:22

Математика пәні бойынша ашық сабақ

2021 жылдың 18-і қазанда ТЖ-21 Б тобында «Математика» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақтың тақырыбы: «Конус және оның элементтері. Конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары».

Сабақ мақсаты: білім алушыларға конус және оның элементтері туралы түсінік беру, оған байланысты есептерді шығаруға үйрету.

Ашық сабақтың тәрбиелік мәні: ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, білімді және білімін пайдалана білетін, бүгінгіні түсінетін, кешегіні білетін, алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білетін ұрпақ тәрбиелеу. Білім алушылардың патроиоттық сезімдерін қалыптастыру.

Ашық сабақ барысында презентациялар, бейнематериалдар, иллюстрациялар, үлестірме карточкалар қолданылды. Сабақта білім алушылар белсенді қатысып, пікірталас түрінде сұрақтар қойып, жауап берді. Сабақ өз мақсатына жетті.

Сабақты «Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының  математика пәнінен, бірінші санатты, оқытушысы Алпысбаева Роза Калымовна өткізді