АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ
КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

Жаратылыстану-математикалық циклі және АЖ пәндік-циклдік комиссиясы

«Ойлау оңай, әрекет жасау қиын, ал ойды іске

айналдыру ең қиын міндет»

И.Гёте 

Қоғамға адамның зияткерлік қабілеті, оның білімділігі, жаңа білімді жинақтау мүмкіндігі қажет. Бүгінгі таңда инновациларды жедел игеретін, өмірдің серпінді сұраныстары мен талаптарына тез бейімделетін тұлға ғана жеңіске жетеді. Жаңа тұрпатты мұғалім оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияны енгізе алатын, қажетті өзгертулерді, түзетулерді жасай алатын, өз білімін толықтырып отыратын ұдайы ізденіс үстіндегі инновациялық- технологиялық іс-әрекетті меңгерген маман болуы тиіс, ал ол инновациялық ғылым мен білім арқылы болашақ мұғалімнің интеллектуалдық- технологиялық әлеуетін қалыптастыруды көздейді. Ең бастысы мұғалімнің өз жұмысына деген оң көзқарасын қалыптастырып, үнемі ізденісте болуы, жаңаны меңгеруге талпынуы және жан-жақты кәсіби жетілуі.

Нурсеитова Райхан Зайнулкабиденовна - жаратылыстану-математика пәндері және АЖ  пәндік-циклдік комиссиясының жетекшісі.

ПЦК оқытушыларының құрамы:

Жаратылыстану-математика пәндері және АЖ  пәндік-циклдік комиссиясында 17 оқытушы бар. Хамзина С.Х – «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері», ал Нурсеитова Р.З  - «Сіңірген еңбегі мен жетістіктері үшін» медалімен марапатталған.

Жаратылыстану-математика пәндері және АЖ  пәндік-циклдік комиссиясында   4 оқытушы  жоғары категория, 5 оқытушы  бірінші  категория, 6 оқытушы екінші категория.

ПЦК мәселесі:

«Оқытудың тиімді технологияларын пайдаланып, оқушылардың ой өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту»

Мақсаттары:

1.Педдагогтардың тиімді әдістерімен ұйымдардың оқу үрдісінің технологияларымен     қарулануы.

2.Оқытушылардың инновациялық жұмысына жағдай жасау

3. Оқытушылардың ұйымдардағы әртүрлі технологиялық сабақтарды тиімді пайдалануды оқып үйренуі

Міндеттері:

1. Оқытушылар мен оқушылардың кәсіптік деңгейін көтеру

2. Талантты оқушылардың жұмысын одан әрі өрбіту

3. Жаңа жеткіншектерді тәрбиелеуде колледж оқытшыларының инновациялық жұмысын үстемелеу

4. Электрондық блім беру ресурстарын өңдеу және жүзеге асыру

5. Оқу үрдісіндегі әрбір қатысушының жақсы және нашар дайындық жақтарын потенциалдық жағдайларын мониторинг жағынан қадағалау және оқыту

6. Оқу үрдісіндегі барлық қатысушыларды зерттеу сферасына дамытуға қатыстыру

7. Алдыңғы қатардағы педагогикалық тәжірибені көпшілікке таратып, жұмысты қорытындыдау

Жұмыстың бағыттары:

1. Әдістемелік – ұйымдастыру

2. Оқытушылардың кәсіби деңгейін көтеру

3. Оқуылардың кәсіптік деңгейін көтеру

4. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар

5. Ғылыми – әдістемелік жұмыс

6. Бақылау – коррекциялық және диагностикалық жұмысы     

Шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші- білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген Касымбаев Абай Төреханович, Хамзина Сара Хамитовна, Арапова Гульсим Балташевна, Рахметова Раушан Зайнулкабиденовна  нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адамдар.

Заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың инновациялық технологиясын шебер меңгерген Болатова Арай Жумкеевна, Сарсенбаева Раушан Аюповна, Садуов Берікжан Капбасович.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шебер мұғалім үнеміоқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.

2016 жылдың 14 сәуір мен 22 сәуір аралығында Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде  «Қызығушылығына қарай оқыту» тақырыбымен және         «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалады, өзіме  істетсең үйреніп аламын» ұранымен өткізілген онкүндігінде Данилова Наталья Владимировна мен Сатиева Сауле Мухтаровнаның өткізген сыныптан тыс жұмыстары білім алушылардың көңілінен шықты.

Наурызбай Алемгуль Темиржановна   білім алушылар  мен оқытушылар арасында абройлы, құрметті мұғалімге  айналды.  Жас мұғалімнің қасиеттері, оның жүргізген жұмыстары болашақтағы табысты, профессионалды өсуінің негізі болады,  деп ойлаймын.