АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

0101000 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

0101000 -  «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

Мамандық туралы: Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді ұйымдастыру үшін жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша оқу бағдарламасы

Біліктілігі: мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші

Арнайы пәндері:

  • Мектепке дейінгі педагогика
  • Тіл дамыту теориясы мен әдістемесі
  • Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
  • Балалар әдебиеті
  • Мәнерлеп оқу
  • Балаларды табиғат пен экология негіздерімен таныстыру әдістемесі
  • Логопедия негіздері
  • Хореография элементтерімен ритмика

Қызмет саласы: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары

Оқыту нысаны:

Күндізгі

Негізгі орта білім беру негізінде 3 жыл 10 ай (9 сынып)

Жалпы орта білім беру негізінде 2 жыл 10 ай (11 сынып) 

Оқыту тілдері: қазақша, орысша

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін қабылдау емтихандары:

  • Негізгі орта білім беру ( негізгі жалпы) - негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән (оқыту тілі бойынша әдебиет))
  • Жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (Қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән (биология)) өткізіледі.

Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны:

Негізгі орта білім беру негізінде 3 жыл 10 ай (9 сынып) - кәсіби жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу, соның ішінде педагогикалық жағдаятты шешу.

Жалпы орта білім беру негізінде 2 жыл 10 ай (11 сынып) - кәсіби жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу, соның ішінде педагогикалық жағдаятты шешу.