АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ

"Төтенше жағдайда қорғау бойынша қолданбалы бакалавр"

Мамандық туралы: кәсіби тәжірибелік-бағдарлы дайындықты қамтамасыз ететін және білім беру мекемелері мен жұмыс берушілер арасында байланыс орнатуға бағытталған жаңа білім беру бағдарламасы.

Біліктілігі: Төтенше жағдайларда қорғау бойынша қолданбалы бакалавры.

«Мамандықтың кәсіби модульдері»:

Құқықтары мен міндеттеріне сәйкес кезекшілікте қызмет атқару кезінде құтқарушының жұмыс және демалыс режимін қамтамасыз ету;

Авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшін авариялық-құтқару құралдарын, мүліктер мен керек-жарақтарды жұмысқа дайындау;

Қауіпті өндірістік объектілерде, аумақтарда арнайы жарақтар мен жабдықтарды пайдалана отырып авариялық-құтқару жұмыстарын орындау;

Қауіпсіздік техникасын сақтау;

Авариялық-құтқару қызметінің жұмысын ұйымдастыру;

Авариялық-құтқару, өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын пайдалану және жөндеу кезінде техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу;

Объектіде азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру.

Қызмет саласы:

Мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері.

Атқаратын қызметтері: қалалық, аудандық аумақтық органның (ТЖ басқармасының (бөлімінің), Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің) инженері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 128 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппараты мен ведомстволарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары» бұйрығына сәйкес

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары» бұйрығына сәйкес

Оқыту нысаны: Күндізгі

Оқыту тілдері: қазақша, орысша