АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 15 Қараша 2016 09:43

«Табиғат,құшағынды аш маған!» атты тәрбие сағаты

«ҚР Тәуелсіздігі 25 жылдығына» орай біздің колледжімізде бірқатар мәдени іс-шаралар өткізілуде, соның бірі бастауыш білім беру бөлімінің НО – 12 тобында өткізілген «Табиғат,құшағынды аш маған!» атты тәрбие сағаты.  Тәрбие сағатының мақсаты – қоршаған  ортаның ластану себептерін атап көрсету, білім алушыларды табиғатты аялай білуге тәрбиелеу болды. Іс – шараға білім алушылардың ата – аналары, директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.З. Рахметова және колледж оқытушылары қатысты. Тәрбие сағатының тақырыбын ашуда білім алушылардың табиғат жайлы ерекше сезіммен жатқа мәнерлеп оқыған әсерлі әндері көрермендерге ой салды, әсер етті. Тәрбие жұмысындағы басымды бағыттардың бірі жастарды рухани- адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу десек, колледжімізде бұл мақсат ажырамас бөлігі болып табылатын осындай бағыттағы тәрбиелік іс – шаралар білім алушылардың әлеуметтік жауапкершілігін нығайтуға, Табиғат – Анаға, жалпы қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға берері мол.

НО –12 тобының кураторы Альжанова Л.С.