АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 15 Қараша 2016 09:25

Ашық куратор сағаты «Біз- темекі шегуге қарсымыз» атты «Брейн-ринг» ойыны

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай қарашаның 11-күні 2016 ж. ӨҚ -12 тобында «Біз – темекі шегуге қарсымыз»атты «Брейн-ринг ойын түрінде ашық куратор сағаты өтті.

Білім алушылар 3 топқа бөлінді. «Брейн-ринг» ойыны 6 бөлімнен тұрды.Оның ішінде видеоролик, қабырға  газеті, мақал-мәтелдер, темекі шегу тарихы туралы  білгірлер, сөзжүмбақ шешу және сұрақ-жауап сайыстары болды. Топтар ойынға жақсы дайындалып, барлық сайыстарына белсенді қатысты.Куратор сағаты студенттерге өте ұнады, сондықтан олар өз ой-пікірлерін ашық айтты. Қазылар алқасында тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары Рахметова Р.З. және ата-аналар Даниярова Б.К., Маликова Н.К. болды. Оларда өз ой-пікірлерін айтып, білім алушыларға алғыстарын айтты.

ӨҚ-12 тобының кураторы: Булатова М.А.