АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 15 Қараша 2016 03:57

«Алло, біз таланттыларды іздейміз» атты шығармашылық кеш

10.11.2016ж Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде білім алушылар арасында  «Алло, біз таланттыларды іздейміз» атты шығармашылық кеш өтті. Сайысқа 15 қатысушы қатысты, олар өздерінің тамша   әндерімен, әдемі билерімен  өлеңді мәнерлеп оқуды, сонымен қатар актерлік шеберліктерін жиналған қауымға паш етті.  Сайыстың қорытындысы бойынша үш жүлдері орын таңдалынып алынды. Үшінші орынға ОК-21 а тобы Абылайхан сахналық көрінісімен, С. Есенина  «Письмо к женщине» атты керемет шығармасымен Берик Макпозов екінші орынды  иеленді, сыйлық планшет. Бірінші орын бір ауыздан «Ансайым Жан» әнін шырқаған Аскар Жоламанға берілді,  және бас жүлде ноутбукпен марапатталды. Барлық қатысушылар жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп,  көрермендердің мейірімді қошеметтеріне лайық болды. 

Халитова Ф.Р.