АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 21 Қазан 2016 11:57

Студенттер қатарына қабылдау кеші

14.10.2016ж. Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі "Евразия" ойын-сауық орталығында 1-курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау   кешін өткізді. Колледж басшылығы кештің салтанатты бөлімінде студерттерді құттықтады, жоғарғы курс студенттерінің бірінші курс студенттеріне дәстүрлі студенттік  билет пен білім кілтін тапсыру рәсімі көрсетіліп, бірінші курс студентінің дәстүрлі ән-ұраны орындалды. Іс-шара мерекелік концерт пен тамаша дискотекамен жалғасын тапты. Студенттер, педагогтар мен кеш қонақтары өткізілген іс-шарадан жылы, қуанышты  әсер алып қайтты. Бұл ересек өмірге жақсы бастау деп айтуға болады.