АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 22 Ақпан 2021 08:22

Ұлы дала ағартушысы туралы парасаттылық сағаты

2021 жылдың 18 ақпанында АҚЖКК колледжінде «Ыбырай Алтынсарин - ұлы дала ағартушысы» тақырыбында бірыңғай «Парасаттылық сағаты» өткізілді.

Кезекті «Парасаттылық сағаты» қазақтың көрнекті ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, ғалым-фольклоршы, Ұлт мұғалімі Ыбырай Алтынсариннің өміріне арналған.

Ыбырай Алтынсарин өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ балаларын оқытуға арнап, қазақ даласы тарихындағы білім берудің негізін қалаушы-әкесі болды.

Алғашқы халық мектебін ашып, тұрғындарды балаларын мектепке беруге шақырып, қазақ тілінде оқулық жазды.

Қазақ жастары арасында білім беруді дамытудың маңыздылығын Алтынсарин өзінің басқа да көптеген шығармаларында сипаттаған. Оларға «Өсиет өлеңдер», «Әй, жігіттер» т.б. жатады. Оларда автор әділетсіздікті, ұрлықты, ескірген дәстүрлердің зияндылығын аса құлықтылық тұрғысынан сынайды және адал еңбек пен адамгершіліктің артықшылығын көрсетеді.

Жазушы инабаттылық туралы пікірлерін эстетикалық тәрбиемен сипаттайды, оларды бір-бірімен байланыстырады.

Ғалымның бай энциклопедиялық мұрасының жылдан жылға өсіп келе жатқан құндылығы халқымыздың мақтанышы болып табылады. Ыбырай Алтынсарин – жаңа поэзияның негізін қалаушы, білім беру көшбасшысы және қазақ халқының алғашқы оқытушысы екені сөзсіз.

Ұлт мұғалімі біздің тарихымызда өшпес із қалдырды. Оның арманы - халықтың гүлденген болашағына нық сеніммен қарайтын білімді жастар.