АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 27 Қараша 2020 10:39

«Фестиваль видео-уроков» байқауы

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің техникалық және кәсіптік білімінің 80 жылдығына орай «Фестиваль видео-уроков» байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігінде оқытушылардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру болып табылады. Фестивальге Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беретін 128 оқытушы қызметкерлері қатысты.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінен алты педагог қатысты: Тойлыбаева У. О., Есмагулова А. Б., Акиньшин Н. А., Бейсенбаева Г. А., Нугманова А. Б., Эберц А.В.

Байқау нәтижелері бойынша Тойлыбаева У.О., Есмагулова А.Б. Акиньшин Н. А. Бейсенбаева Г.А. оқытушыларының 4 видео-роликтері облыстың ТОП 20 жұмыстарына кірді. Бұл жұмыстар облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сайтына орналастырылып және «Талап» КЕАҚ сайтына орналастыруға жіберіледі.

27.11.2020 байқау қатысушыларына дипломдар мен сертификаттарды салтанатты тапсыру рәсімі өтті.

Оқытушыларымызды кәсіби жетістіктерімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!!!

ОӘжҒЖ жөніндегі директор орынбасары Перешивкин И.В.