АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 25 Қараша 2020 03:46

Үстел спорт ойындары бойынша облыс жүлдегерлері

2020 жылғы 17-20 қараша күндері аралығында «Ұлттық студенттер лигасы» бағдарламасы бойынша үстел ойындарынан (тоғызқұмалақ) облыстық онлайн жарыстар өтті. Тартысты жарысқа Ақмола облысының ТЖКБ білім алушылардың 13 тобы қатысты. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің тобы 3 орынға ие болды. Топтың құрамына келесі білім алушылар кірді: Турежанова Асель ЖББ-11, Сабитов Адильтас ДТ-21а, Сабитов Жандос ДТ-31с.

Жеңіске деген ерекше құлшыныстары мен спортқа деген сүйіспеншілігі арқасында 3 орынға жеткен біздің білім алушыларды құттықтаймыз!

Тәшім Ә.