АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2020 06:00

«ҚР колледждерінің ТОП100 студенті»

2020 жылдың 14 қыркүйегінде  Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «ҚР колледждерінің ТОП100 студенті» жобасының үміткерлерін іріктеудің ішкі кезеңі өтті. Комиссия құрылды, комиссия құрамына:

1.Тюлебаев Аскербек Жамантайұлы- комиссия төрағасы

2. Бекешев Султанбек Евгеньевич- Нұр Отан партиясы жанындағы Жас Отан жастар қанатының төрағасы.

3.Перешивкин Игорь Владимирович- ОӘ мен ҒЖ бойынша директор орынбасары

4.Шайхина Гульжанар Жаксылыкқызы-ТЖ бойынша  директор орынбасары

5.Корнева Ольга Сергеевна- Педагогикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі.

Білім алушылардан 6 қатысушы конкурсқа қатысты: Исмагулова Маржан ЧС-32А, Серикова Камилла ЧС-32Б, Курманиязова Салтанат ЖББ-31, Киреев Адиль ЧС-22С, Степанова Елизавета ДОВ-42, Ануарбекова Сандугаш- ЖББ-41.

Комиссия конкурсты келесі критерийлар бойынша бағалады:

-Білім алушылардың жеткен жетістіктеріне презентация (қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық);

- қатысушы өзі туралы баяндайтын эссе, сондай-ақ студент жастарды не колледжді, өңірді немесе елді дамыту үшін өз жобасының идеясын ұсынады;

-Қатысушы өзін болашақ маман ретінде таныстыруы жайлы видео.

- қатысушы өзінің белсенді қоғамдық қызметін көрсететін видео.

Конкурсттың қорытындысы бойынша келесі білім алушылар аймақтық кезеңге ұсынылды:

- Курманиязова Салтанат -  Педагогикалық қызметтің белсенді қатысушысы, волонтер , тәлімгер.

-Исмагулова Маржан - мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде жұмыс істейтін Жас Отан бағдарламалар мен қызмет бағыттарының белсенді қатысушысы, волонтер.

- Киреев Адиль – "Отан қорғаушы" әскери-спорт кешенінің нормативтерін орындау бойынша қатысушы.