АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 13 Наурыз 2020 05:25

«Қылмыстың алдын алу»

2020 жылдың 11-15 наурыз аралығында кестеге сәйкес лекциялар бойынша "Қауіпсіз мектеп" жедел алдын алу іс- шарасы кезінде, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі қабырғасында полиция қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Көкшетау қаласының ІІБ ЮПБ учаскелік полиция инспекторлары Турсимбаева Н. К. мен Нурмагамбетова В. К. кәмелетке толмағандардың құқықтары, сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болу , ұсақ бұзақылық, жаяу жүргіншілер ережесін сақтау, ұялы телефондарды алып жүру туралы түсіндіру дәрістерін өткізді.
Ақмола облысы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ПД-нің аға жедел уәкілі, полиция майоры Р. Т. Курсановамен «Есірткі заттарын қолданудың алдын алу. Қылмыстық және әкімшілік заңнамадағы өзгерістер мен толықтыруларды жеткізу" тақырыбында сұхбат өткізілді.

Наенко А.Б.