АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 25 Ақпан 2020 07:58

№2 өрт сөндіру бөліміне экскурсия

2020 жылдың 24 ақпан күні ПБ-12 С оқу тобының  кураторы Магадилова А.С. куратор сағатының жоспарына сәйкес, «Болашақ мамандығым» атты тақырыбында №2 ӨСБ –не  аталған топты  экскурсияға апарды. Көкшетау қаласындағы №2  өрт бөлімінің караул бастығы  білім алушыларды өрт автокөлігінің жабдықтарымен таныстырды. Әсіресе, білімалушыларды өрт жеңдері, өрт оқпандарының түрі, өрт гидранты және басқада жабдықтар өте қызықтырды.

Білім алушыларды өрт сөндіріу бөлімінің күнделікті қарауылдық кезекшілгіне қызығушылық танытты.Сонымен қатар, білім алушылар кезекшілікке түсетін өрт сөндірушілердің демалыс бөлмелері мен ас дайындайтын, ас ішетін және теориялық білімдерін шыңдайтын бөлмелерімен танысты.

Біздің білімалушылар осы эксурсия кезінде өз  мамандықтарының аса жауапты, әрі қызықты екендігін жақсы түсінді. Болашақ өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін жеке жауапкершілікті сезіну аса қажет.

ПБ-12 С тобының кураторы                                      Магадилова А.С.