АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 21 Ақпан 2020 11:36

Білімалушылармен «Кәмелетке толмағандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік» атты тақырыпқа профилактикалық әңгіме

19 ақпан 2020ж Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің «Азаматтық қорғаныс » кафедрасында «Кәмелетке толмағандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік» атты тақырыпқа профилактикалық әңгімелесу өткізілді.

Әкімшілік кодексіне байланысты кәмелетке толмағандардың шылым шегу, шағын тәртіп бұзушылық,ойын-сауық мекемелерінде болуы және ішімдікті қолдануы туралы сұрақтар қозғалды. Білімалушылар әңгімелесу барысында профилактикаға байланысты сұрақтар қойды.

Дәрісті Көкшетау қаласының полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар бөлімше инспекторы аға лейтенант Турсимбаева Н.К. өткізді.

Азаматтық қорғаныс кафедрасының  әдіскері: Магадилова А.С.