АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 20 Ақпан 2020 04:19

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Қазіргі уақытта жұмыс берушілер тарапынан заманауи мамандарға жаңа талаптар қойылады, атап айтқанда, бәсекеге қабілеттілік, кәсіпқойлық, еңбек ұжымында бейімделе білу, коммуникабельділік және т. б. Сондықтан түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі  өзекті болып отыр, оны шешуге колледж түлектері мен студенттері үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу ықпал етеді.

19 ақпанда Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ-де жоғары оқу орындарының студенттері мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге Ақмола облысы мен Көкшетау қаласы ұйымдарының өкілдері қатысты.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің бітіруші топтарының білімалушылары белсенді қатысып, бос жұмыс орындары, жұмыстың ерекшеліктері мен шарттары туралы ақпараттармен танысты.

Жәрмеңкеде тұрақты және уақытша жұмысқа орналасу бойынша бос жұмыс орындары ұсынылды.

Студенттер мен колледж түлектеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің маңызы зор: түлектер үшін – лайықты жұмыс орнын табу мүмкіндігі, ұйым өкілдері үшін-болашақта қажет болатын білікті кадрларды таңдау мүмкіндігі.

Директордың оқу-өндірістік  жұмысы жөніндегі орынбасары Актаев А.Ж.