АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 18 Ақпан 2020 08:31

«Қауіпсіздік негіздерінің білгірлері» зияткерлік батлы

Ағымдағы жылдың 17 ақпанында  АҚЖКК-нің  «Азаматтық қорғаныс»  кафедрасында 3 курс студенттері арасында «Қауіпсіздік негіздерінің білгірлері» атты кезекті зияткерлік батлы өткізілді.

Батлдың мақсаты - әртүрлі төтенше жағдайларда өзін ұстау және өмірді сақтау  ережелері туралы алған білімдерін бекіту.

Іс-шара сұрақ-жауап түрінде өткізілді, оның барысында түрлі төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керектігі, өздерін қорғай да, және зардап шеккендерге көмек көрсете алатындығы туралы жұмыстар мен білімдерінің қорытындысы шығарылды. Ойын қорытындысы әр кезеңде командалардың алған ұпайлары бойынша жүргізілді.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер АҚЖКК-нің грамоталарымен марапатталды.

Топ командирі Владимир Тимеев бастаған ПБ-32Б тобы қауіпсіздік негіздерінің білгірлері атанды.