АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 17 Ақпан 2020 10:09

«Дау-жанжалсыз өмір» тренинг элементтерімен тәрбие сабағы

17.02.2020 жылы педагог-психолог ПБ-12а тобымен «Дау-жанжалсыз өмір» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренинг мақсаты:  балаларды «жанжал» ұғымымен таныстыру және жанжалды жағдайлардан дұрыс шығуға үйрету. Ынтымақтастық пен өзара түсінушілікке ынталандыру. Сонымен қатар командалық өзара әрекеттесу икемділіктері  мен дағдыларын дамыту.

Бүкіл тренингтік сабақ барысында балалар өздерін қызығушылық пен жауапкершіліктерін көрсете білді. Іс-шара соңында әр қатысушы өз әсерлерімен және тілектерімен бөлісті.

Педагог-психолог: Бекбаева Ж.К.