АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 17 Ақпан 2020 06:32

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің 15-жылдығына арналған шағын-футбол жарысы

Ақпан айының 14-ші жұлдызында «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің 15 жылдығына» арналған шағын-футболдан турнир өткізілді. Ақмола облысының командалары қатысты. Мұндай іс-шара оқытушылар мен мемлеттік қызметкерлер арасында шағын-футбол спортын одан әрі  дамытуға,  денсаулықты нығайтуға және спорттық шеберлікті жоғарлатуға септігін тигізеді. Бұл  жарысқа оқытушылар мен мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын-футбол турнирінде 8-команда қатысты

Қатысқан командаларды атап өтетін болсақ:

  1. Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
  2. Көкшетау қаласының әкімшілігі
  3. Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі
  4. Ақмола облысының білім басқармасы
  5. Қазақ гуманитарлы-техникалық колледжі
  6. Бурабай ауданының құрама командасы
  7. Көкшетау техникалық институты
  8. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі

Шағын-футбол  жарысы айналмалы  жүйе түрінде өтті. ІІІ және ІV орынға  Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Бурабай ауданы кездесті.Ойынның қортындысы бойынша 1:0 есебімен   Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ІІІ орынға ие болды.Ақтық бәсекеде Көкшетау техникалық институты мен Ақмола облысының білім басқармасы командалары кездесіп,  негізгі уақыт аяқталып, айып добы соқысымен Ақмола облысының білім басқармасы сәл басым түсіп, жеңімпаз атанды. Жарыс қортындысы  бойынша   жеңімпаз командалар кубок,мадақтамалар және сыйлықтармен марапатталды.

1.«Үздік ойыншы» номинациясы- Байтиков Адиль

2.  .«Үздік қорғаушы» номинациясы- Ельшибаев Аблай

3. .«Үздік қақпашы» номинациясы- Маханьков Вадим