АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 12 Ақпан 2020 11:12

Ашық сабақ «Махаббат - өмірдің негізі»

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің психология пәнінің оқытушысы Бейсембаева С.А НО-22 тобында «Махаббат өмірдің негізі» атты ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: білім алушылардың махаббат туралы түсініктерін жоғары рухани құндылықтарға қол жеткізу,тұлғалы дамытудың қайнар көзі болып табылатындығымен кеңейту.

«Бұл не?» бейнеролигін қарап, «махаббат» сөзіне синквейн жазып берді. Білім алушылармен «Мен сені сүйемін» деген сөйлемді әр түрлі тілдерде айтқандары өте қызықты болды. Білім алушылармен бірге Отанға, анаға, жанұяға, жануарларға, спортқа деген сүйіспеншілік туралы нақты әңгімелер талқыланды.

Сабақ қызықты әрі мазмұнды өтті.

Бейсембаева С.А