АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 11 Ақпан 2020 11:07

Интеллектуалды баттл "Ақыл ойындары"

Біздің ойлау жүйеміз қалыптасқалы, қоршаған әлемді тану үстіндеміз. Дәлірек айтқанда, ойлау адамның кез келген қызметіне негіз болып табылады. Ал интеллект дегеніміз не? Интеллект бұл ақыл, адамның ойлау жүйріктігі; оқытуда және басқа да қызмет түрлерінде айқын көрінетін адамның қабілеті.

Осы тұрғыда, 11 ақпан 2020 жылы АКЖҚҚ корпус №2 –да Интеллектуалды баттл  «Ақыл ойындары» өтті. Бұл баттл төрт раунд «Тез және оңай», «Әуенді іздеңіз», «Қара да тез жауап бер», «Мамандығым-мақтанышым»кезеңдері, ойын жүйесіне негіз болды.

Ойын барысында білім алушыларда логикалық ойлау, ұқыптылық, мұқият тыңдау  және білімге деген құштарлық байқалды. Осылайша, біз білім алушыларға қоршаған ортаны тану үшін, мамандығын жетілдіру, біліктілігін дамыту мақсатында қуатты серпіліс жасадық. Дамыған интеллектісі бар тұлға жүйрік ойлау қабілетін сабақта ғана емес, сонымен қатар оданда тыс жерлерде белсенді пайдалану қажет. Еліміздің ертеңі, тәуелсіздігіміздің тұғырлы, болашағымыз кемел және нық болуы жастардың, білім алушыларымыздың қолында деп ойлыймыз, сондықтанда ой жүйріктігін жетілдіру, біліктілігін дамыту әр кез, әр бағытта жүргізіліп тұрылуы абзал.

Дайындаған: АҚЖКК-нің оқытушысы Аяған А.Қ., Жастар қозғалысының үйлестірушісі, №2 корпус  Ергалиева Г.М.