АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 04 Ақпан 2020 12:14

«Өзін-өзі тану бұл өзіңмен үйлесімді өмір»

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің оқу залында 2020 жылы 4 ақпан күні «Өзін-өзі тану: Педагогика махаббаты мен шығармашылығы» онкүндігінің шеңберінде «Сара Назарбаева. Өзін-өзі тану бұл өзіңмен үйлесімді өмір» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара мақсаты: тұлғаның үйлесімді жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету, өзіне, адамдарға және бүкіл әлемге мейрімді қарым-қатынас қалыптастыру, азаматтық және патриотизмді дамыту.

Дөңгелек үстел кітапхана меңгерушісі Жунусова Н.А. кіріспе сөзінен және балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған жобаның авторы «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева туралы ақпараттық бейнежазбадан басталды.

Педагогика пәнінің оқытушылары Хаметова А.А. және Амиртай С. Білім алушылармен рухани адамгершіліктің адам өміріндегі рөлі туралы қызықты әңгіме жүргізді.

Колледж психологі Бекбаева Ж.К. өткізген «Мейірімділік» тренингіне білім алушылар белсене қатысты.

Іс-шара білім алушыылардың бір-біріне және Жер бетіндегі барлық адамдарға ізгілік, махаббат, мейірімді тілектер тілеу арқылы аяқталды.

Амиртай С.