АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 03 Ақпан 2020 10:44

«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуы

03.02.2020 ж. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуы өтті.
Онкүндіктің мақсаты - балалар мен жастардың рухани-адамгершілік білім беру жүйесін дамыту, олардың азаматтық мәдениетін дамыту.

Он күндік аясында 03.02.2020ж - 12.02.2020ж аралығында колледждің барлық студенттері қатысатын жоспар құрылды.

Бірінші күн «Бүгінгі күнді күлкіден бастаңыз» акциясы, қатысушылар өзге білім алушыларға күлкі сыйлаумен басталды.
Колледж фойесінде орнатылған «Тілектер тақтасында» білім алушылар мен оқытушылар махаббат пен бақыт тілектерін ілді.

Топ жетекшілері «Жүрегіміз махаббатқа толы» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізді.

Күн қызықты әрі жағымды өтті!

Бекназар А.Б.