АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 03 Ақпан 2020 10:38

АҚЖКК-нің еріктілері

2020 жылдың 31 қаңтарда "Парус" демалыс аймағы базасында Көкшетау қаласының «Еріктілер - елдің қолдауы» бизнес секторы мен еріктілер ынтымақтастығының диалогтік алаңы өтті, оған АҚЖКК-нің еріктілері қатысты.
Кездесудің басты мақсаты: еріктілік қызметті дамытуға, нығайтуға және қолдауға, табысты тәжірибелер мен жобаларды тұрғыландыруға, еріктілердің бизнеспен жұмысының жаңа нысандарын дамытуға, жастарды жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп еріктілік қызметке тартуға бағытталған көп компонентті диалог алаңын өткізу болып табылады.
Іс-шара барысында оқушылар мен студенттер кәсіпкерлерге шығармашылық, экология және табиғатты пайдалану, IT-технологиялар, ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми жобаларды көрсете алды.
Сонымен қатар, кездесу барысында еріктілік негіздері, тайм-менеджмент бойынша семинар-тренингтер ұйымдастырылды.

Кескіндер галлереясы