АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 29 Қаңтар 2020 04:51

Көкшетау қаласының 1-МӨСБ-нде экскурсия

Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу аясында «Ақмола облысының ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Көкшетау қаласының 1-МӨСБ бөлімше базасында 2020 жылдың 28 қаңтарында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Азаматтық қорғаныс кафедрасының 3 курс студенттері үшін экскурсия өткізілді.

Іс-шараны өткізу мақсаты: мамандық бейіні бойынша теориялық курс барысында білімалушылардың алған білімдері мен дағдыларын жүйелеу, тереңдету, бекіту, сонымен қатар таңдаған мамандығы бойынша қызметкерлердің берілетін тәжірибесін зерделеу.

Осы топтардың білімалушылары өрт сөндіруші мамандықтарымен және төтенше жағдайлар кезіндегі жүріс – тұрыс қағидаларымен терең танысты, өрт сөндіру бөліміне экскурсия кезінде алған білімдерін бекітті.

Экскурсияны 1-МӨСБ өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғаныс майоры Жоламанов Айдын Каракоржинович өткізді. Ол білімалушыларды қарауылдық қызметтің күн тәртібімен, өрт сөндіру, авариялық-құтқару техникасымен және өрт сөндіру-техникалық, авариялық-құтқару құрал-жабдықтарымен, яғни бөлімнің өрт-құтқару автомобильдерінің жабдықталуымен таныстырды. Одан әрі экскурсия өрт сөндірушілердің тұрмыстық жағдайлары туралы әңгімелей отырып, бөлім үй-жайларын көрсетумен жалғасты. Экскурсия барысында ҚР ІІМ ТЖК КТИ-на  түсу және облыс бөлімшелерінің азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара соңында бөлім қасбетінде Көкшетау қ. 1-МӨСБ-не барғаны туралы естелікке жалпы фото жасалды.

Михайлов С.Ю., Михайлова С.Н.