АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 20 Желтоксан 2019 11:51

Жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиада

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде 19.12. - 20.12.2019 ж. аралығында жалпы білім беру пәндер кафедрасы меңгерушісі Нурбикенова Гульназ Жанабаевна және информатика пәні оқытушысы Нугманова Айгуль Бадировнаның басшылығымен функционалдық сауаттылықты дамыту және дарынды, талантты білім алушыларды анықтау мақсатында пәндік олимпиадалар ұйымдастырылып, өткізілді.

Пән олимпиадаларын өткізу міндеттері:

- барлық ниет білдірген білім алушыларға белгілі бір ғылыми салада өз білімін тексеруге мүмкіндік беру;

- білім алушылардың қабілеттерін, қызығушылықтарын іске асыру үшін жағдай жасау;

- білім алушыларды ғылыми-практикалық қызметке тарту;

Бірінші күні олимпиада келесі пәндер бойынша өткізілді: физика, математика, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, информатика, химия, орыс тілі. 30 студент қатысты, барлық қатысушылар сертификаттар мен дипломдар алды.

Екінші күні олимпиадаға ТЖ-11А, ТЖ-11Б, ӨҚ-11А, ӨҚ-11Б, ДТ-11А, ФК-12, ЧС-12А, ЧС-12Б, ЧС-12Е, ЧС-12Г топтарының 50 білім алушысы қатысты, 17 диплом және 33 сертификатпен марапатталды.