АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 20 Желтоксан 2019 11:48

АҚЖКК-нің командасы - футзалдан облыстың үш дүркін чемпионы!

2019 жылғы 17-20 желтоқсан күндері аралығында Сандықтау ауданының Балкашино ауылында футзал бойынша «Кезең» облыстық спартакиада өтті. Тартысты жарысқа Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру білімалушылардың 26 командасы қатысты. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы I орынға ие болды. Команданың құрамына келесі білімалушылар қатысты: Оберемко Владислав, Папаев Владимир, Камышнов Виталий, Адамбеков Ермахан,Казбеков Адиль,БұғыбайАқжол,Гагаев Игорь, Лазаренко Александр, Рыбалкин Дмитрий, Амиржанов Адиль.

Жеңіске деген ерекше құлшыныстары мен спортқа деген сүйіспеншілігі арқасында I орынға жеткен біздің білімалушыларды  құттықтаймыз!

Кокан М.