АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 14 Желтоксан 2019 14:50

«Желтоқсан -тәуелсіздіктің бастауы» атты мерекелік іс шара

16 желтоқсан ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік -1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік -жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман - мұратының салтанат құру күні.
Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн - біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз әдет - ғұрпын, салт -дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Желтоқсан -тәуелсіздіктің бастауы» атты мерекелік іс шара ұйымдастырылды.
Мерекелік іс - шарамыз концерттік бағдарламамен жалғасты. Сонымен қатар мерекеге орай, колледж оқытушылары және білім алушылары алғыс хаттармен марапатталды.⭐