АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 13 Желтоксан 2019 09:08

Ашық кураторлық сағат

2019 жылдың 13 желтоқсанында НО-12, ЧС-12Г, ТЖ-11А топтарында «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

Кураторлық сағаттың мақсаты: білім алушылардың  қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді қалыптастыру, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.

Іс-шара патриотизм сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан халқының тарихи өткені мен, бүгіні және жарқын болашағына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге бағытталды.