АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 12 Желтоксан 2019 10:20

«Тәуелсіздік жолы: тарихы, бүгінгі шындығы және келешегі»

Осындай ерекше атаумен бүгін тарих пәнінің оқытушылары Аскарова А.К., Касимова М.Д., Мадеев Ж.Д. Збайраева Г.Ж., Оралова М.Б. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай сыныптан тыс іс-шара өткізді. Аталған шараға ДТ11 А,Б, ТЖ 11 А, Б, ӨҚ 11 А, ДОВ12, ПБ12А, ЧС12 А,В,Д топтарынан студенттер қатысып, бақ сынады. Қызықты тапсырмалар мен білім алушылардың тың жауаптарының арқасында шара жоғары деңгейде өтті. Бірінші орынды «Достық» тобы жетекшісі Касимова М.Д., екінші орынды «Қазақ» тобы жетекшісі Збайраева Г.Ж., ал үшінші орынды «Жасұлан» жетекшісі Оралова М.Б. және «Патриот» жетекшісі Мадеев Ж.Д. топтары иеленді.

Аскарова А.К.