АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 06 Желтоксан 2019 11:45

«Сызу» (құрылыстық сызу негіздерінен) пәні бойынша ашық сабақ

06.12.2019  күні Азаматтық қорғаныс жоғарғы көпсалалы колледжінде  «Сызу»  (құрылыстық сызу негіздерінен) пәні бойынша  ӨҚ -21 Б тобымен  «Құрылыс сызбаларының ерекшеліктері»  атты тақырыпта ашық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға  құрылыс сызбаларының  тарихымен таныстыру,тұрғын үй ғимаратының құрылымдық элементтерімен таныстырып,қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Тұрғын үй ғимараттарының элементтерін біледі.

Білімалушылар өз бетінше тұрғын үй ғимараттының қасбетін сызбасын сыза алады.

Кез келген құрылыс сызбаларының бас жоспарын орындай алады.

Сабақ барысында білімалушылар  колледж эвакуация жоспарымен  танысып,шығар жолды өздері тауып көрсетті. Сонымен қатар үйдің екі көрінісін салды. Өз мамндықтарына сәйкес қылып оларға өрт сөндіру құралдарының түрлерін айтып,берілген өрт сөндіру құралын алдарына қойып,білімалушылар  берілген уақытқа қарай өлшемдерін тауып,А3 пішіміне салып көрсетті.Сабақ қызықты өту үшін, ойлау,тез шешім қабылдау  және де есте сақтау қабілеттеріне байланысты қағаздан  көлемді геометриялық денелерді құрастырып  көрсетті. Берілген тапсырмаларды әр топ  жұмыстарын қорғап,соңында  тақырып бойынша крассворд шешіп,қорытыңды жасадық.

Абдыгалиева К.А