АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 29 Қараша 2019 16:31

«Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты куратор сағаты

29.11.2019 жылы  ТЖ – 11 Г тобының білім алушыларымен «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты куратор сағаты өткізілді.

Мақсаты:

  • қазақстандық патриотизм, ұлттық сана қалыптастыру;
  • тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Ұлт Көшбасшысының ролінің маңызын түсіну.

Сабақ барысында білім алушылар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаянымен презентация арқылы танысты. Елбасының тұңғыш рет президент болып сайланған кезі мен қызметінің барлық жақтарын бейнебаян арқылы қысқаша көріп шықты. Топтарға бөлініп, партия ретінде өз сайлау алды бағдарламаларын құрды. Рефлексия ретінде өздеріне жолдау жазды.

Есмагулова А.Б.