АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 18 Қараша 2019 06:09

«Ғалым Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақстандық патриотизм» атты ІІ республикалық ғылыми-теориялық конференция

2019 жылың 15 қараша күні Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты және КММ«Мәлік Габдуллин музейі»,Мәдениет басқармасы, Ақмола облыстықмұрағаттар мен құжаттар мекемесімен бірлесе отырып, «Ғалым Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақстандық патриотизм» атты II Республикалықғылыми-теориялық конференцияұйымдастырып өткізді.

Қазақ халқының батыры, педагог-ғалым, жазушы Қазақ ССР мемлекеттік ғылым қайраткері, Ғылым академиясының академигі филология ғылымдарының докторы, профессор, Кеңес Одағының батырыМәлік Ғабдуллиннің туған күніне орайластырылып, Батыр ағаның ескерткішмонументіне конференцияға қатысушылар гүл шоқтарын қойып, ағамыздыңрухына тағзым етті.

Конференцияға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының танымал ғалымдары, зерттеушілері, ғылыми зерттеу орталығының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, ҚР Ұлттық Ұлан Әскери институтының курсанттары, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері, Көкшетау техникалық  институтының оқытушы-профессорлық құрамы, курсанттары, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушылары: ЧС-32Б тобыныңА.Герман, В. Бокк,ЧС-22Б тобының А.Өмірбеков, К. Серикова,  ДТ-21 тобының Н. Ибраева сынды  білім алушылары қатысты.

Конференцияның негізгі бағыттары:

- Ғалым, педагог батыр Мәлік жас өспірімдерге үлгі  және жаңа қазақстандық патриотизмі.

-Нағыз қазақ батырлары:оқиғалар, қолбасшылар, жауынгерлер.

- Келешекке көзқарас, мемлекеттік әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудің көкейкесті мәселелері.

Конференцияның пленарлық отырысы Ақмола облысы Ш.Құсайнов атындағы қазақ музыка-драма театрында өтті.

Секциялық отырыс ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының оқу корпусында ұйымдастырылып, конференцияға қатысушыларға сертификат табысталды.

Ғылыми жетекшілер:  Д.К. Шаяхимов,С.Н. Михайлова, Р.Н.Оспанова.