АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 15 Қараша 2019 09:00

«Достықты қадірлей біліңіз»

ДОВ-22 тобында «Достықты қадірлей біліңіз» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді.

Мақсаты: студенттерді достық ережесімен таныстыру, адам өмірінде нағыз достардың маңыздылығын көрсету, игі ниеттілікке үйрету, бірін-бірі түсінуге, достарының қуанышы мен қайғысын бөлісуге үйрету.

Міндеттері:

1.білімділік: студенттердің  достармен қарым-қатынас жасау ережесі туралы білім алуы.

2.дамытушылық: айналасындағыларға құрметпен қарау қасиеттерін жетілдіру, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. 

3.тәрбиелік: адамгершілік тәрбиені дамыту; студенттердің бір-біріне төзімділік сана-сезімін қалыптастыру.

Топтың білімалушылары Чабан Мария, Алибекова Асем, Ещенко Яна  топта тренингтер мен ауызбіршілікке арналған шығармашылық ойындар  өткізді.

Пікірталас уақытында кураторлық сағат өткізудегі ойын, викторина, бейнероликтерді карау және тренингтер сияқты әдістер қолданылды.

Кураторлық сағаттың соңында «біздің топ – бұл кішкентай отбасы» деген пікір айтылды. Біздің отбасымызда әрқашан мейірімділік, сыйластық, махаббат, өзара түсінушілік болағынын қалаймыз.

Бейсенбаева Г.А.