АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 12 Қараша 2019 10:48

2 курстың ата-аналар жиналысы

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде  №2 ғимаратының  2 курстарымен жоспарланған ата-аналар жиналысы өтті.   Жиналысқа  2 курс студенттерінің ата-аналары және «Азаматтық қорғаныс» кафедрасының оқытушылар ұжымы қатысты. «Азаматтық қорғаныс» кафедрасының меңгерушісі Кадыров Рамазан Татжанович ата-аналарды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Жиналыстың 2 бөлімінде психолог Ергалиева Галия Манасовна «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бағдарламасы бойынша» дәріс өткізді. 

Дайындаған жастар қозғалысының үйлестірушісі, психолог Г.Ергалива