АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 08 Қараша 2019 08:10

Ата-аналар жиналысы

Қарашаның бірінші аптасында ТЖ-11В тобында ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібі бойынша алғашқы айлардағы студенттердің бейімделуі туралы сөз қозғалды. Колледжде студенттердің білім алуына бар жағдай жасалғандығы, кітапханада жеткілікті оқулықтар барын естеріне салды.

 Психолог Кенебаева Г. Г  ата аналармен жыл көлемінде тест, сараптамалар жүргізетіндігі туралы ескертті.

Пән мұғалімдері аттестация қорытындысы бойынша оқу үлегерім нәтижесімен таныстырды.

Сабақты себепсіз босатпауларын, уақытылы анықтама қағаздарын берілуін қадағалауын ескертті.  Сыртқы киім үлгісі жөнінде де ережеге сай болуына өтініш білдірді. «Платонус» жүйесіндегі қорытынды бағаларды қадағалауға логин, пароль таратылды.

Ата-аналар сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар  алды.

Рахметова Р.З.