АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 07 Қараша 2019 10:31

«Туған жерім – Қазақстан» атты өзге этнос арасында поэзиялық шығармаларды көркемсөз оқу облыстық байқауы

 06.11.2019ж. қаламыздағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының «Адырна» ұлттық – этнографиялық бірлестігі қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Туған жерім – Қазақстан» атты өзге этнос арасында поэзиялық шығармаларды көркемсөз оқу облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарындағы этнос өкілдерінің арасында Елбасымыздың «Ел бірлігі» идеясын насихаттау, мемлекеттік тілді меңгерген  жастар шығармашылығын қолдау, ұлтаралық ынтымақтастықты жандандыру. Шарт бойынша өзге этнос қатысушыларына қазақ ақындарының туған жер тақырыбына 40-60 тармақ аралығында шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу шеберлігі, дауыс мәнері мен тіл тазалығы, көркем мәтінді таңдау, сахналық бейне талаптары қойылды.

Байқауға Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 1 курс  студенті Смирнова Татьяна қатысып, Қасым Аманжоловтың «Қазақстан» шығармасын «Абай атамен сырласу» сахналық қойылымы арқылы жатқа мәнерлеп оқып, әділқазылардың көңілінен шықты.     

Байқаудың қорытындысы бойынша облысымыздың әр өңірінен келген 21 қатысушының арасынан Татьяна III жүлделі орын Дипломымен, «Үздік өнер көрсеткені үшін» Сертификатымен және 30.000 теңге ақшалай сыйлық Сертификатымен марапатталды.

Ибраева Г.Е.