АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 06 Қараша 2019 11:47

«Денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу»

Ағымдағы жылдың 5 қарашасында психолог Ергалиева Галия Манасовна  оқытушылармен және №2 ғимараттың қызметкерлерімен  «Денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу» бағдарламасы бойынша дәріс өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты: жасөспірімдердің психологиялық денсаулықтарын жақсарту және колледж студенттері арасында аутодеструктивтік мінез-құлықтардың алдын алу. Психологтың нұсқауы бойынша кәмелеттік жасқа толмаған өз-өзіне қол жұмсауға бейім және психикалық ауытқулары бар жасөспірімдерге арнайы мамандандырылған көмек көрсету үшін ынтымақтастық тетіктерін ашу және қайта бағыттау.

Дайындаған психолог Г.Ергалиева