АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 01 Қараша 2019 11:17

«Спорт білгірлері» зияткерлік викторина

2019 жылдың 31 қазанында ЧС-22Г тобының кураторымен жатақхана кезекшілігі атқарылды. Жатақхана студенттерімен кездесу «Спорт білгірлері» зияткерлік викторина түрінде өткізілді.

Студенттер екі командаға бөлініп, команда капитаның тағайындады. Викторина уақытында әр команда мүшелері өзіңдерін белсенді көрсетті. Аталған викторинаның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің дене тәрбиесі және спорт сабақтарына деген сүйіспеншіліктерін ояту, ынтымақты ұжымды тәрбиелеу.

Студенттер жалпы спорт туралы көп біледі және бұл қуантады!

 Мукушев Ж.С.