АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 17 Наурыз 2016 00:00

«Жан досым- асыл қазынам!»

     «Достық деген не? Өзімнің досым деп кімді айтуға болады? Достарды қалай табуға болады?»  сұрақтарына жауап алу мақсатында ЖББ-21 тобымен   «Жан досым- асыл қазынам!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

      Достың адам өміріндегі маңызы,  достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру, әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру, олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне, өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына,  өз ойын, пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу мақсатында өткізіліп жоспарланды.
      Тәрбие сағатына педагогика және музыка пәнінің оқытушысы Бекахметова Жанерке Сайлаубекқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Сейлбекова Саулеш Жамхурқызы мен  Есентурова Бахыт Сатыбалдықызы  қатыстып, өздерінің ашық пікірлерін айтты.

     Топ  білім алушылары «Менің ең жақын досым» тақырыбында видеослайдтар мен видеороликтер әзірлеп, өздерінің ең жақын досы жайлы  әңгімелеп дайындалды.

      Достық жайлы түсініктерін, яғни бір – біріне құрметпен, сыйластықпен қарау, жалпы адал достықтың құндылықтарын, оның қазіргі таңдағы маңызы жайлы жан-жақты талдап, сабаққа белсене қатысты. Жағдаяттарды талдады, өз өмірлерінен айта кетсек, мысалдар келтіріп, қорытындылар жасады. Сабақ соңында білім алушылар  шағын  ұжымның достығын, ауызбіршілігін айқындай түсе  «Жан досым» әнін орындады.

 

Касимова М.Д.