АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 10 Наурыз 2016 00:00

Патриоттық әндер сайысы "Афганистан болит в моей душе"

     Колледжімізде жас жеткішектерді патриоттық үлгіде тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. Осы мақсатпен 19 ақпан күні Ауғанистан жерінен кеңес әскерлерін шығару күніне арналған патриоттық әндер сайысы өтті.

     Патриоттық әндер сайысының әділқазылар алқасы қатысушылардың ұсынған музыкалық нөмірлерін байқай келе, мынадай қорытынды шешімге келді. 1  орынды –ОҚ-11б, 2 орынды – НО-12, 3 орынды ӨҚ-11а топтары жеңіп алды. Жүлдегерлерді кеш қонағы интернационалист-жауынгер және әділқазы мүшесі оқытушы Бекахметова Ж.С. марапаттады.

     Қатысушылардың барлыға сайысқа қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.

    Сайыспен қатар «Ауған тақырыбындағы үздік газет»  шарасы ұйымдастырылды. Ауған соғысы жайлы қолдан салған суреттері арқылы өз көзқарастарын білдірген оқушылардың барлығы үлкен жауапкершілік танытты. «Үздік қабырға газеті» бойынша 1 орынды ФК-12 тобы жеңіп алды. Осы іс-шараға оқушыларды дайындаған барлық топ жетекшілеріне үлкен алғысымызда  білдіреміз. Әрқашан аспанымыз ашық болсын.

    Іс-шараны әзірлеген Халитова Ф.Р., Михайлова С.Н.