АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 04 Наурыз 2016 00:00

«Ату жекпе-жегі»

     2016 жылдың 16-18 ақпан аралығында Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің ату залында Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерін шығару күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 1,2 курс оқушылары мен колледж оқытушылары арасында «Ату жекпе-жегі» атты пневматикалық винтовкадан жеке және  командалық ату жарыстары өтті.

     1,2 курс командалары атынан ЧС-11, ФК-12, ФК-22, ТЖ-11А, ОҚ-11А, ПБ-12, ТЖ-21А, ТЖ-21С, ПБ-22С топтары қатысты. Ерекше көзге түскен оқушылар: Рахметхан Бексұлтан (ТЖ-21А), Абдилбеков Ерхан (ТЖ-21А), Садвакасов Дастан (ТБ-22С), Абдрахимов Ақтілек (ӨҚ-11А), жүлделі орындарға ие болды.

     Төзімділік күресінде жүлделі орындарға ие болған командалар: 1- орын ТЖ-21А, 2- орын ӨҚ-11A, 3-орын ПБ-22С топтары. Оқытушылар арасында 1-орынды жаратылыстану-математикалық ӘПБ командасы, 2-орынды филологиялық-педогогикалық ӘПБ командасы иеленді. Оқытушылар арасындағы жеке сынақта 1-орынды оқытушы Наурызбай Әлемгүл Темиржанқызы, 2-орынды оқытушылар Сатиева Сауле Мұхтарқызы, Сейлбекова Сәулеш Жамхурқызы, 3-орынды оқытушы Сәдуов Берикжан Каппасұлы иеленді. Жарысқа қатысушылар жарыстан үлкен әсер алды. Жүлдегерлер мақтау қағаздарымен  марапатталды.