АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 02 Наурыз 2016 00:00

Жігітке жеті өнер де аз

Жігітке жеті өнер де аз...

Көк байрақ арайланған нұр танымыз,

                                                                              Жігіттің сынға түскен сұлтанымыз.

                                                                               Дұшпанға қатал болған, досқа берік,

Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз.

     Ақпан айының жиырма төрті күні «Достар» мәдениет сарайында «Алға жігіттер» атты колледж және университеттер арасында сайыс өтті. Азаматтық көпсалалы колледж  намысын қорғауға өрт қауіпсіздігінің 1 курс студенті Маман Бауыржан қатысты. Кураторы Жунусова Гульнар Сайранбекқызы.

     Сайыста бес кезең болды. Бірінші кезең «Таныстыру», екінші кезең «Сұрақ-жауап», үшінші кезең «Шығармашылық кезең», төртінші кезең «Гир көтеру», бесінші кезең «Классикалық костюм». Әр сайыста   Маман Бауыржан өзін жан-жақты көрсесе білді. Атап айтатын болсақ, «Таныстыру» кезеңінде өзінің балалық балғын шағы, біздің колледж қабырғасындағы студенттік өмірі жайлы бейнекөрініс, өлең жолдарымен жеткізді. «Шығармашылық» кезеңінде қолына қазақтың қара домбырасын алып, нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра дей келе,  «Жаратқан бақыт» термесін жан дүниесімен орындап шықты.  Жалпы әр кезеңде Бауыржан барынша өз өнерін ер азаматқа лайықты көрсете білді.

     Жүлделі орын алмасақ та , сайысқа қатысып, алғыс хат алғанымызға ризамыз.  Келешекте Бауыржан  биік белестерде көрінеді  деп үміттенеміз.

 

Жунусова Г.С.